ЖаңалықтарҚоғамСпорт

10 ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ XXXII ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Шымкентт қаласының спортшылары Токиода өтетін жазғы Олимпиода ойындарында бақ сынайтын болады.  Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларымыз спорттың әр түрінен өнер көрсететін болады. 23 шілде – 8 тамыз аралығында Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Еліміздің үшінші мегаполисінен жарысқа 10 спортшы аттанды. Оқ ату спорт түрінен — Юрий Юрков, 24 шілдеден 2 тамызға дейін өнер көрсетеді;  Стенд атудан — Зоя Кравченко, 24 шілде — 2 тамыз; Каратэден — Дархан Асадилов, Юлдашев Данияр, Берульцева Софья, 5-8 тамыз; Бокстан — Закир Сафиуллин, 24 шілде — 8 тамыз;  Байдарка және каноэ есуден (К-2) — Тимофей және Сергей Емельяновтар, 2-8 тамыз;  Көркем гимнастикадан — Алина Адилханова, 6-8 тамыз;  Дзюдодан — Галбадрах Отгонцэцэг, 24-31 шілде аралығында бақ сынасады.  Сонымен қатар, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары болады. Оған Шымкенттен суда жүзу спорт түрінен Роман Агалаков қатысады. Ол 24 тамыз -5 қыркүйек аралығында еліміздің намысын қорғайтын саңлақ спортшыларымызға сәттілік серік болсын дейміз!

ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН «SMART АЯЛДАМАЛАР» ОРНАТЫЛАДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *