ЖаңалықтарҚоғамЭкономика

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП ОТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым және инженерлік жүйелердің құрылыс барысын аралап, жұмыс сапасымен танысты. Алдымен «Асар-2» шағынауданының газ, ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.
Шағынауданда ауыз су жүйелерінің құрылысына жауапты мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Су жүйелерінің ұзындығы – 156,1 шақырым. Бүгінге дейін 65 % жұмыстар орындалды. Құрылыс жұмыстары кесте бойынша атқарылуда.  «Монолит дизайн» ЖШС кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Кəріз жүйелерінің ұзындығы – 39,6 шақырым. 10 % жұмыстар орындалған.  Табиғи газ жүйелерінің құрылысын «Отау строй» ЖШС атқаруда. Бүгінде 60 % жұмыстар орындалды. Газ жүйелерінің ұзындығы – 50,04 шақырым. Құрылысты аяқтау мерзімі – кестеге сай.

Сондай-ақ, электр қуатымен қамту бойынша мердігер «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар аяқталған. 87,2 шақырым электр желісі тартылып, РП — 1 дана, КТП — 24 дана орнатылды. Асар-2 шағын ауданында жаңадан салынып жатқан электр жүйелерінің қосылу көзі болып табылатын 110/35/10 кВ «1-М-1» және «Бозарық» қосалқы станцияларының құрылысы аяқталуда. Аталған екі электр таратушы қосалқы станциялардың құрылысы аяқталған соң, Асар-2 шағын ауданы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БЫЛҒАРЫ ДОП» ДОДАСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

«МЕН КӘСІПКЕР БОЛАМЫН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ ЕМХАНАСЫН АШҚАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *