ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 2673 АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 2673 адам вакцина салдырып,  I компонент — 1012 ажам,  II компоненттін — 1661 адам екпе қабылдаған.  Егу науқаны басталғалы барлығы 345 167 адам вакцина қабылдаған. Оның ішінде 219 325 адам вакцинаның екі компонентін  де салдырған.  20 шілде күні КВИ-дің 412 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 322, белгілері жоқ – 90). 204 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2946 орын бар. Төсек-орын толымдығы — 66 пайыз.  Сонымен қатар, 20 шілде күні 784 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп,  оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қалада эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда болып отыр. Эпидемиологиялық ахуалдың алдын алып, қала тұрғындары үшін барлық медициналық мекемелер көмек беруге дайын, заманауи құрпл жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.  Жақындарыңызға жанашыр болып,  өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС АРТТЫ

Алдыңғы

ФУТБОЛДАН ОТБАСЫЛЫҚ ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *