ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

АЛТЫН ҚОЛДЫ АБЗАЛ ЖАН

 

Алтын қолды дәрігер.  Өз ісіне берілген,  жаңашылдықты жатсынбай қабылдайтын ардақты абзал жанның бірі Талғат Шауенов — №1 қалалық клиникалық ауруханада біраз жылдан бері хирург болып қызмет істеп келеді. Кәсіби маман жетекші хирург болғандықтан негізі шұғыл жағдайда түскен ауыр науқастарға медициналық көмек көрсетеді . Ол 33 жыл ішінде 6000-ға жуық азаматқа ота жасаған.

Талғат Шауенов — хирургиялық оталарды өте жетік меңгерген. Бірде алтын қолды дәрігер өтінде тасы бар, бірақ толғағы қысқан жүкті әйелге дер кезінде ота жасап, нәтижесінде өттегі тасты да алып тастап, сәби мен анасын аман алып қалған. Ота жасалған жүкті келіншектің ішінен 50 тас шыққан. Халық денсаулығын жақсартуда аянбай еңбек келе жатқан ақ халатты абзал жанның өмірі талай жанға өнеге деп білеміз. Еліміздегі  қазіргі таңда  эпидемиологиялық  ахуал  ушығып тұрған уақытта аллыңғы шепте еңбек етіп жүрген Талғат Шауенов секілді жандардың еңбегін ерекше атауға болады.

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ІЛГЕРІЛЕП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *