ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС АРТТЫ

Үшінші мегаполисте жасалған өкпені жасанды жолмен желдету аппараттары еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтуде. Бұл туралы «Казмедприбор» ЖШС-нің жобаларды дамыту жөніндегі директоры Қаныбек Қанатбекұлы БАҚ өкілдеріне зауытты таныстыру кезінде мәлімдеді.
Бес салада жұмыс істейтін кәсіпорын жылына 50 мың дана медициналық құрал-жабдық, 150 мың медициналық жиһаз бен мыңға жуық жедел-жәрдем автокөліктерін жабдықтауға қауқарлы. Компания аппараттардың турбиналық, неональді және портативті түрлерін жасайды.
Бұдан бөлек медициналық жиһаз, жедел-жәрдем көлігіне қажетті құралдар, дезинфекциялық заттар өндірісімен айналысады. Сонымен қатар, пандемия басталғалы өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды қолға алған. Бүгінде зауытта жасалған отандық өнімге Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан жыне Шығыс Қазақстан облыстарынан сұраныстар түсе бастаған. Сондай-ақ, электрокардиографтар, медициналық мониторлар жасалады.
– Өткен жылы алғаш рет қаламыздағы 9 емханаға 130 дана өкпені жасанды желдету аппаратын шығардық. Биыл 170 данасына сұраныс келіп түсті. Бірер күнде Павлодар өңіріне 32 дана ИВЛ аппаратын жөнелтеміз. Тапсырыс болса, зауытта бір күнде 15 данасы шығаруға мүмкіндігіміз бар. Жалпы, пандемия басталғалы еліміздің барлық өңірінен сұраныстар түсіп жатыр. Өткен жылдармен салыстырғанда 37 пайызға сұраныс артты. Зауытымызда медициналық құрал-жабдықтың 300-ден аса түрі шығарылады.  Халықаралық стандартқа сәйкестiк сертификатын алған зауыт бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханаларды УДЗ аппаратынан бастап операция бөліміне қажетті құрал-жабдықтарына дейін қамтып отыр. Соңғы үлгідегі инновациялық жобаларды іске асыруда кәсіпорын Жапония, Америка, Корея сынды алпауыт мемлекеттердің зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінде кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді.
Айта кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға 200 млн.теңге бөлінген.Қалалық әкімдік резервінен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 5 дәрі-дәрмек сатып алуға 180 млн. теңге бюджет қаржы қаралған.  Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

ҚАЛА  ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 63 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 2673 АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *