ЖаңалықтарҚоғамСпорт

114 СПОРТШЫҒА АРНАЙЫ СПОРТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕРІ БЕРІЛДІ

Үшінші мегаполистегі  Қаратау ауданында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беру нормалары мен талаптары туралы» бұйрығына сәйкес аудандық комиссияның шешімімен спортшыларға арнайы спорттық разрядтар берілді. Спорттық категориялар арасында жаттықтырушылар, әдіскерлер және төрешілер бар. Ауданда 2021 жылдың шілдесіне дейін ауданның 114 спортшысына арнайы спорттық разрядтар берілді. Атап айтсақ, 2,3 разрядты спортшы, 1,2 және 3 жасөспірімдік-разрядты спортшы деген рязрядтар берілді. Сонымен бірге, жаттықтырушыларға біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы деген біліктілік берілсе, әдіскерлерге біліктілігі жоғары деңгейдегі, орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер атты біліктілік санаттары берілді. Аталмыш бұйрыққа сәйкес спортшылар біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі деген де спорттық санат дәрежесі берілді.

Осы бұйрыққа сәйкес Шымкенттік спортшылар біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы нұсқаушы, спорт төрешісі деген спорттық санат дәрежелерін емденді.

«ШАПАҒАТ» ОРТАЛЫҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕЙДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 65 ҚОНАҚ ҮЙДЕ «ЕQONAQ» ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *