Шырайлы Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасы жанынан 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Аталған медициналық нысанның науқастарды қабылдау процесімен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысқан болатын. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдерге арналды. Бұл стационарда жан сақтайтын төсек орындар мен науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылды. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейде. Қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан ковидпен күресудің ең тиімді жолы екпе салу екенін түсіндірді. Екпе айналадағы адамдардың денсаулығын сақтауға бірден-бір көмек.
Қалада инфекциялық ауруға шалдыққан 1346 азамат стационарда ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 61% құрайды. Өткен тәулікте 421 науқастан короновирус анықталды. Қазіргі таңда қаладағы қай денсаулық сақтау мекемелері қауіпті ауруды жоюмен барынша айналысуда. Бұл орайда халықтын дәрігерлер мен мейірбекелерге, тазалық сақтаушыларға айтар алғысы шексіз!
Шымкенттегі «Қазғұрт» шағын ауданында тағы да 100 орындық стационар ашылып пайдалануға берілді. Ашылған орталықта коронавирус және пневмонияға шалдыққан науқастар емделеді.
Comments