ЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ӨНЕРКӘСІП-ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚҰРАУШЫ САЛА

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда көрсетілген  өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырған болатын.  Осы мақсатта Үшінші мегаполисте  бірнеше бастама қолға алынып, жүзеге асып отыр.  Тарқатып айтар  болсақ, осындай өнеркәсіп саласының бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып,  306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібін дамытуды жолға қойған. 200 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп, одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр.  Шырайлы қаладағы  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету — басты назарда. Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты.  Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені болса,  екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.   «Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд.теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылады. Есепті кезеңде 12,8 млрд.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  10% артық» — деді қала басшысы.

 

 

ПӘКИЗА

Алдыңғы

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ  МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *