Басты ақпаратДенсаулық

ДӘРІГЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ.

Адамзат баласына төнген ауыр дертпен күресуде алдыңғы шепте аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Талай адамды ауыруынан айықтырып, өздері ел үшін жанын берген абзал жандардың еңбегін өскелең ұрпаққа дәріптеу керек-ақ.  Шымкентте коронавирус эпидемиясымен күресте кәсіби борышын атқару кезінде қайтыс болған дәрігердің бірі  Айгүл Алимбетоваға арналған ескерткіш тақта қойылып, оның ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Шырайлы қаламыздағы  №2 ауруханада еңбек еткен Айгүл Рахманқызын   әріптестері  құрмет тұтып,  өзі еңбек еткен перзентхана ғимаратының бұрышына ескерткіш тақта  орнатып, гүл шоқтарын қойып, аяулы әріптестерін еске алды.  Бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған Айгүл Рахманқызы қатардағы дәрігерлер сынды тәулік бойы жүкті әйелдерді қабылдап, медициналық көмек көрсеткен. Әсіресе, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал  өршіген тұста ақ халатты абзал жан үй бетін көрмей, ауруханада түнеп, қауіпті инфекцияға шалдыққан жүкті әйелдерді емдеп, абыройлы еңбек еткен.  2020 жылғы 16 тамызда Айгүл Рахманқызы 46 жасында, кенеттен COVID-19 вирусынан туындаған екі жақты пневмониядан өмірден озды. Ол білікті дәрігер ретінде ана мен бала денсаулығын қорғау, сақтау үшін жанқиярлықпен еңбек етті, күрделі оталарды жасады. Барлық пациенттердің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды. Мамандығына адал жан еді. 21 жыл медицина саласында еңбек етті. Еңбек жолын 1999 жылдан бері әйелдерге кеңес беру орталығында акушер-гинеколог ретінде бастап, кәсіби деңгейін үнемі жетілдіре отырып, бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары деңгейіне дейін көтерілді. Науқастарының жай-күйін сезіне білетін дарынды дәрігер еді, – деп еске алды  марқұмның әріптес достары.

Қазіргі қоғам үшін ақ халатты абзал жандардың орны айрықша және зор құрметке ие. Ал, осындай құрметке ие жандардың қатары азаймаса екен деп тілейміз.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР СУДА ЕМДЕУ ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ЕМ ҚАБЫЛДАЙТЫН БОЛАДЫ

Алдыңғы

БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *