Шымкент қаласындағы Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кең көлемде насихаттау, сонымен бірге «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басымдықтарды жүзеге асыру 6 шілде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Нұр-Сұлтан — ел айнасы, ел Астанасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімнің ұйытқы болуымен өткізілген іс-шараға Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің маманы, тарихшы Жантөре Әшім, ОҚМПУ рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы Қ.Анарбаев, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы С.Назарова, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бөлім меңгерушісі М.Усманова, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппар және т.б университетіміздің оқытушы профессорлары қатысты. Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Садықов Нұр-Сұлтан қаласының тарихы туралы баяндама жасап, 23 жылдық тарихы бар Астанамыз туралы бейне ролик көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар өз ойларымен бөлісіп пікір алмасты. Іс-шара барысында жиынға қатысушылар, ұйымдастыру алқасына өз ризашылықтарын білдіре отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жастарымызға берер тәрбиесі мол екендігін атап өтті.
Comments