Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

МЕГАПОЛИСТЕ  ОҢДЫ  ӨЗГЕРІСТЕР  КӨП

 

Шырайлы қаланың кескін келбеті күннен-күнге көркейіп, көз алдымызда гүлденіп  келеді. Еліміздегі Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың үш жылдық даму көрсеткіштерін  баяндады. «Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты»,- деді  Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов. Бұл туралы ол Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» тікелей эфир барысында «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» пресс конференциясында айтты.

Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты. Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден биыл 481,6 млрд.теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнім көлемі  425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңге болады деп күтілуде. 3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу  жоспарланып отыр.  Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.

Шымкент қаласында  биылғы  жылы инвестиция бағыты қарқын алған. Әр аптада инвестициялық штаб отырысы өтіп, онда инвест жобалар талқыланады екен. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде толығырақ баяндады.

«Осы жылдың 5 айында қала экономикасына 96,9 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайызға артты. Инвесторларға оңтайлы жағдай жасау бюрократияны жоюдан басталады. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында жаңа жобалар, инвесторлармен кездесетін мәселелер талқыланып, тікелей жұмыстар жасалуда» — дейді қала әкімі  Мұрат Әйтенов.

Сонымен бірге, Президенттің инвесторлар пулын жасақтау тапсырмасы бойынша, құны 2,5 трлн.теңгені құрайтын 261 инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оның ішінде, биылғы жылы 171,6 млрд.теңгеге 2 500 жаңа жұмыс орнымен 68 жобаның іске асырылуы жоспарланды деп мәлімдейді.

 

 

 

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ  МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алдыңғы

КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *