Қоғам

«Дала академигі», даңқты шопан екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетті Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласының басымды бағыттарын іске асыру аясында, 2021 жылдың 23 сәуірі күні Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Дала академигі», даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақстанның қой шаруашылығы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты – ХХІ ғасырдағы жаһандық бәсекелестік жағдайында шешуші ұлттық фактор — еңбек екенін ерекше атап өту, соның ішінде қой шаруашылығын инновациялық негізде дамыту және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолы арқылы жастардың дүниетанымын қалыптастыру.
Жазылбек Қуанышбаев – қой басын өсіру, асылдандыру, өнімділігін арттыру бағытында көп жаңалықтар енгізген, өзіндік әдіс, тәжірибе қалыптастырған ардагер шопан.
Мемлекет Басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ ол толық көлемде пайдаланылмайды. Біздің елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін айтарлықтай әлеуетіміз бар» деп, атап өткен болатын.
Мамандарға сапалы білім беру және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін университетте Халықаралық Агротехнологиялық Хаб құрылған. Оның құрамына: 7 ҒЗИ, 8 инновациялық орталық, халықаралық агенттіктермен аккредиттелген 49 зерттеу зертханасы және нақты ғылыми жобалар аясында құрылған 18 халықаралық орталық кіреді. Осылардың бәрі жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарына және ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің ұжымдық пайдалануы үшін ашық.
Қазақстан-Жапон инновациялық орталығында ауыл шаруашылығы малының барлық түрлерінің генетикалық әлеуеті мен селекциясын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғалымдар патенттермен қорғалған 14 малдың тұқымын шығарды.
Университетің бас ғимаратында ауылшаруашылық саласында еңбектерімен ерекшеленген 40-қа жуық Еңбек Ерлерінің портреттерінен тұратын галерея жұмыс жасайды. Ондағы мақсат — ауылдан келген студенттерімізге заманауи білім беріп қана қоймай, Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын тұлға ретінде қалыптастыру, Ұлы Даламыздың ұлағатын бойына сіңірген, туған топырақтың қадірін біліп, ауылын қадірлейтін және сол ауылдың зиялысына айналатын азамат тәрбиелеу.
Сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, тағы да басқа елдердің ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдарына, «Қадырғали би Қосымұлы Жалаири» Халықаралық қоғамдық қорына да ризашылығымызды білдіреміз!
Ерін қадір тұтып, қастерлеу, төбесіне көтеріп, төрге шығару — қазақ халқының қашаннан қанына сіңген қасиет. Ал, жаз дидарлы Жазылбек атамыздың жөні, тіпті бөлек. Сондықтан алысқа аңыздай таралған ерен еңбегімен туған жұртының мәртебесін асырып, мерейін өсірген ерін елі де ерекше сыйлай отырып оның 125 – жылдық мерейтойын университетте атап өту дүйім жұртқа ортақ мереке, әрі өзіндік бір тарих.
Университет басшысы академик Есполов Тілектес Исабайұлы конференцияның барлық қатысушыларына оның жұмысына белсенді ат салысқандары үшін алғыс айтты. Конференцияға қатысушылар ұсынған ұсыныстар Қазақстанда қой етін өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ оны әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

ҚазҰАЗУ «Технология және биоресурстар» факультетінің деканы профессор Б.Буралхиев.,
профессор Б.Кулатаев., қауым.
профессор Ұ. Нұралиева.,
ассистент Б.Амиркулов.

 

 «Зүлейханың оянуы» кітабы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді  

Алдыңғы

Жүрсін ЕРМАН «ШОҚТЫҒЫ БИІК АЙТУЛЫ АҚЫН»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *