АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғамМәдениетСаясатСпортТехнологияЭкономика

Мыңбаев Әл-Фараби ауданының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Шымкент қаласы  мәслихаты депутаттарының қолдауымен, Әл-Фараби ауданының әкімі қызметіне Рашид Мыңбаев тағайындалды.
Бұған дейін ол Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген.

Рашид Мыңбаев 1981 жылы 11 сәуірде ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары, мамандығы-заңгер, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.
Рашид Мамытұлы еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау және жүйелеу басқармасындағы нормативтік-құқықтық актілерді кодификациялау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2006-2007 жылдары заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасы бастығының орынбасары – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің қорғаныс, құқық тәртібі және сыртқы байланыс мәселелері бойынша актілерді сараптау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2007 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсіп, 2009 жылы «мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрі атанды.
Рашид Мыңбаевтың қызметтік жолы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, кейіннен қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің меңгерушісі қызметтерімен жалғасты.
Сонымен қатар, 2016-2018 жылдары Кентау қаласы әкімінің орынбасары болды. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді

Алдыңғы

Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *