ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін зерделеу және өңірдегі ахуалды бағалау бағытында жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға жауапты басқарманың өкілдері, құзырлы органдардың басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысып, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйін талқылады.

Басқосудың мақсаты – өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындардың көңіл-күйіне әсер ететін факторларды талдау және алдын алу шараларын күшейту. Сонымен қатар, халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, олардың уақытылы шешілуіне ықпал ету, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері де назарға алынды.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің мемлекет дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Осы бағытта мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерге дер кезінде назар аударып, олардың оң шешілуіне ықпал ету қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету тек жауапты мекемелердің жұмысы ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін назардан тыс қалдырмауы тиіс. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, туындауы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу маңызды.

Мәжіліс барысында өңірдегі қоғамдық ахуалға ықпал ететін негізгі факторларды саралау, әлеуметтік мәселелерге байланысты тұрғындар арасында қалыптасқан пікірлерді зерделеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бағыттары қарастырылды. Сонымен бірге, аудан мен қалалардағы қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

Қазіргі таңда тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін тұрақты бақылау және олардың сұраныстарына жедел жауап беру мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі саналады. Осы ретте жауапты мекемелердің үйлесімді жұмыс істеуі, ақпарат алмасу тетіктерінің тиімділігі және жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігі ерекше мәнге ие. Халықпен тікелей байланыс орнату арқылы мәселелерді бастапқы кезеңде анықтап, олардың ушығуына жол бермеуге болады.

Сондай-ақ жиында әрбір аудан мен қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды жеке зерделеу, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тиісті сала басшыларына жеткізу және олардың орындалуын бақылау қажеттігі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстарда жауапты тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру мен мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жолға қоюдың маңызы атап өтілді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық орындарда тәртіп пен құқықтық мәдениетті сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етіп, туындаған мәселелер бойынша тиісті шараларды уақытылы қабылдау қажеттігін ескертті.

Өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

МАҚТААРАЛДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *