Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында орта бизнесті дамытуға және отандық өндірістің әлеуетін арттыруға ерекше назар аударды.
Президент Үкіметке орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді міндеттеді. Бұл ретте кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру және өндірісті технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктерін қарастыру қажеттігін атап өтті.
Отандық өндірісті қолдау – ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Өндіріс орындарының дамуы ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға, кәсіпкерліктің әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар кәсіпорындарды заманауи технологиялармен жабдықтау, өндіріс тиімділігін арттыру және қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
Бұл бағыттағы жүйелі шаралар орта бизнестің дамуына серпін беріп, отандық өнімнің үлесін арттыруға және ұлттық экономиканың нығаюына негіз болады.

КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *