«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Рысқұлов көшесі, 80 мекенжайында орналасқан Қаратау ауданындағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа мекенжайға көшетінін хабарлайды. Енді орталық Байдібек би даңғылы, 362/7 мекенжайында орналасады.
28 тамызда ХҚКО – ның көшуіне байланысты орталық жұмыс істемейді және азаматтарды қабылдау жүргізілмейді.
Назар аударыңыз, жеделдетілген санат бойынша рәсімделген құжаттандыру мәселелері жөніндегі дайын құжаттарды Бәйтереков көшесі 89 мекенжайында орналасқан Еңбекші ауданының халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады, сондай-ақ көшу кезеңінде барлық дайын құжаттарды беру аталған ХҚКО-да беріледі.
31 тамыздан бастап Қаратау ауданының тұрғындарына Байдібек би даңғылы, 362/7 жаңа мекенжай бойынша қызметтер көрсетілетін болады. ХҚКО сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.
«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды және түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді.












Comments