Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Шымкентте жастардың құқықтық сауаты артып келеді

Шымкентте жастардың құқықтық сауатын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды негіздерінің бірі. Заңды білу, өз құқығы мен міндетін түсіну жасөспірімдер мен студенттердің жауапкершілігін арттырып, құқық бұзушылыққа және заңға қайшы әрекеттерге араласудың алдын алуға ықпал етеді.
Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Қуаныш Серікбайдың айтуынша, мұндай кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады.
– Бұл біз ұйымдастырып отырған алғашқы шара емес. Жастардың құқықтық сауатын арттыру бағытындағы жұмыс тұрақты негізде жалғасып келеді, – деді ол.
Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары кеңейтіледі. Қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында жастарға арналған кездесулер циклі басталады. Оларға спикер ретінде Полиция департаменті, прокуратура және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қатысады.
Құқық қорғау және қадағалау органдары өкілдерінің қатысуымен өтетін кездесулер барысында студенттерге заң талаптары түсіндіріліп, нақты жағдайлар мысалында құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланады. Бұл жастардың заңға деген құрметін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

В Шымкенте почтили память воинов Семипалатинского полигона

Алдыңғы

«Заң мен тәртіп»: Шымкентте жастардың құқықтық сауаты артып келеді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *