23 тамыз күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осы маңызды саяси науқан күні Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылады. Атап айтқанда, сайлау күні Түркістан мен Арыс қаласында және Қазығұрт ауданында қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл шара тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне қатынауын жеңілдетіп, азаматтардың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысы бойынша 1 204 659 дауыс беруші тіркелген. Құрылтай күні азаматтардың дауыс беруі үшін облыс аумағында 952 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлау күні қоғамдық көліктің тегін қатынауы, ең алдымен, тұрғындардың уақытын үнемдеп, шалғай орналасқан сайлау учаскелеріне жету мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қоғамдық көлікке тәуелді азаматтар үшін бұл маңызды қолдау болмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В ДЕНЬ ВЫБОРОВ КУРЫЛТАЙ В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТ БУДЕТ БЕСПЛАТНЫМ
23 августа в Казахстане состоятся выборы депутатов Курылтай. В этот важный день политической кампании в ряде городов и районов Туркестанской области общественный транспорт будет работать бесплатно, чтобы жители могли свободно и беспрепятственно добраться до избирательных участков.
В частности, в день выборов бесплатный проезд будет организован в городах Туркестан и Арыс, а также в Казыгуртском районе. Эта мера направлена на то, чтобы облегчить жителям доступ к избирательным участкам и создать благоприятные условия для реализации гражданами своего избирательного права.
В Туркестанской области зарегистрировано 1 204 659 избирателей. В день Курылтай на территории региона будут работать 952 избирательных участка.
Бесплатный проезд в день выборов прежде всего позволит жителям сэкономить время и повысит доступность отдалённых избирательных участков. Особенно важной эта поддержка станет для граждан, которые зависят от общественного транспорта.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области













Comments