Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

Облыс әкімі тұрғындарды спорт нысанының ашылуымен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Бүгін қасиетті Сауран жерінде тағы бір игілікті істің куәсі болып отырмыз. Баршаңызды Шорнақ ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ауылдың ғана емес, бүкіл өңірдің қуанышы. Спорт – жай ғана дене шынықтыру емес, ол – ұлттың саулығы, жастардың темірдей тәртібі және елдің болашағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығына салынған инвестиция екенін үнемі айтып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп, соңғы екі жылда 28 спорт кешені пайдалануға берілді. Ал, осы жылы 9 спорт кешенің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беру жоспарлануда. Міне, солардың алғашқысының ашылауында бас қосып отырмыз. Қасиетті Түркістан өңірі – талай саңлақты дүниеге әкелген киелі мекен. Бүгінгі кешеннің табалдырығын аттаған әрбір жас өз арманына бір қадам жақындайды. Осында жаттығып, шыңдалған жастардың арасынан Азияны, Әлемді бағындыратын, Олимпиада төрінде Әнұранымызды шырқататын чемпиондар шығатынына кәміл сенемін. Жаңа спорт кешені ел игілігіне қызмет етіп, ауылдың ажарын кіргізер құтты орын болсын! – деген Нұралхан Оралбайұлы жаңа нысанды аралап, оның материалдық-техникалық базасымен және тұрғындарға жасалған мүмкіндіктермен танысты. Жасөспірімдермен кездесіп, пікірлесті.

Нысанның құрылысы 2024 жылдың тамыз айында басталған. Жалпы құны 1 млрд 733,6 млн теңгені құрайды. 1 гектар аумақта орналасқан спорт кешенінде баскетбол, бокс, күрес және тренажер залдары қарастырылған. Мұнда 40 жаңа жұмыс орны құрылды. Нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған.

Түркістаін облысы әкімінің баспасөз қызметі

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *