Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАННЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қазақстан Республикасында 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа кезеңнің басталуымен ерекшеленеді. Жалпыұлттық дауыс беру нәтижесінде жасақталатын Құрылтай заңнамалық мәселелерді қарастыратын және елдің құқықтық жүйесін дамытуға қатысатын өкілетті орган ретінде қызмет атқарады.
Құрылтайдың құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады. Дауыс беру жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру тәсілімен өтеді. Сайлау партиялық тізімдер арқылы ұйымдастырылып, азаматтар өз таңдауларын жалпыұлттық сайлау округінде жасайды.
Заң талаптарына сәйкес, депутаттыққа жасы 25-тен асқан, Қазақстанда кемінде он жыл тұрақты тұрған азаматтар үміткер бола алады. Бұл нормалар өкілдік орган құрамының қалыптасуына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
Саясаттанушылардың пікірінше, Құрылтайдың тиімді қызметі оның заңды түрде қалыптасуына және азаматтардың сайлауға белсенді қатысуына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы сайлау жаңа депутаттық құрамды анықтап қана қоймай, елдің заң шығару жүйесінің келесі бес жылдағы жұмыс бағытын айқындайтын маңызды саяси оқиға ретінде қарастырылады.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК: САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Алдыңғы

Ұландықтар Қазақстанды әйгіледі: Әлем чемпиондары елге оралды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *