Нашақорлық бұл адамның тәнін де, жанын да жаралайтын, болашағын балталайтын ауыр дерт. Бұл мәселеде жастардың қауіпті дер кезінде сезінуі және жеке жауапкершілікті түсінуі аса маңызды.
Есірткіге тәуелділік адам өмірін түгел құртады.
Ең бірінші, денсаулыққа өте қауіпті. Атап айтқанда, жүйке жүйесінің бұзылып, ми жасушаларының өледі, бауыр мен жүрек ауруға ұшырап, иммунитет мүлдем құриды. Көп жағдайда бұл жағдай мүгедектікке немесе мезгілсіз өлімге әкеледі.
Психикалық құлдырауға да ұшырайды. Депрессия, агрессия, үрей, галлюцинация және тұлғалық қасиеттердің жоғалуы пайда болады. Адам өз-өзіне бақылау жасай алмайтын күйге түседі. Әлеуметтік зардап та шегеді. Отбасының бұзылуы, достардан айырылуы, оқудан немесе жұмыстан шығып қалуы мүмкін. Нашақор адам қоғамнан оқшауланып, жалғыз қалады.
Нашақорлықпен күресте әрбір адам жауапкершілік танытуы қажет. Әрбір адам өз денсаулығы мен болашағына өзі жауапты. «Бір рет пайдаланып көрейін, ештеңе етпес» деген жеңілтектік ең үлкен қателік. Есірткіге қашан да «ЖОҚ» деп айта білу үлкен күш пен саналылықтың белгісі.
Есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе тарату ауыр қылмыс болып саналады. Заң бойынша бұл үшін өте қатаң, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жеңіл ақша табу жолында «курьер» болудың соңы өмірді темір тордың артында өткізуге алып барады. Айналамыздағы адамдардың тағдырына бейжай қарамау керек. Егер жақыныңыздың бойынан күмәнді өзгерістер байқасаңыз, уақытында көмек қолын созу немесе мамандарға жүгіну — азаматтық парызыңыз.
Есірткі уақытша жалған ләззат пен шынайы қасірет. Өмірдің қиындықтарынан қашудың жолы есірткі емес. Салауатты өмір салтын таңдау, мақсат қоя білу және жауапкершілікті сезіну — бақытты болашақтың бірден-бір кепілі.
Қадірлі замандас!
Барынша есірткіден аулақ болыңыз. Бұл бір отбасын ғана емес, бір әулетті, бір мемлекетті қиратады. Айналаңыздағы жандардың есірткіден аулақ болуына бар күш-жігеріңізді салыңыз. Ең бастысы, бәріміз аман да абыройлы болайық!













Comments