ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ: «САЙРАМ» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ТҮЛЕКТЕРІН ҮЛКЕН ӨМІРГЕ АТТАНДЫРДЫ

Шымкент қалалық Өзбек драма театрының сахнасы ерекше салтанатқа бөленді. Денсаулық сақтау саласына өз үлесін қосуға бел буған, «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Сайрам» медициналық колледжінің түлектері үшін үлкен өмірге жолдама берер диплом табыстау рәсімі өтті.
2007 жылдан бері сапалы білім мен кәсіби машықты ұштастырып келе жатқан білім ордасының бұл мерекесі ерекше толқыныспен басталды.
Мемлекеттік Гимннің әуенімен ашылған салтанатты жиында түлектерге үлкен жауапкершілік жүктелді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты Фахриддин Қаратаев, «Сайрам» колледжінің негізін қалаушы, профессор Амирхан Баймағамбетов, колледж директоры Жанара Баймағамбетова және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Бауыржан Алтеев бастаған мәртебелі қонақтар жас мамандарға ақ жол тіледі.
Сонымен қатар, салтанатты шараға қалалық мәслихат депутаттары Талғат Балтабаев, Лазиз Сулайманов, Әлия Юсупова, қоғамдық кеңес мүшесі Тахирбек Нишанбаев, «Дустлик» қауымдастығының бас медиаторы Аббас Шамирзаев, сондай-ақ Ербол Рәбілұлы, Бауыржан Кеңесұлы, Данияр Омаров, Шоира Расулходжаева мен «Жанубий Қозоғистон» газетінің тілшісі Замиржан Моминжанов қатысып, түлектердің қуанышына ортақтасты.
Жиында алғашқы болып сөз алған Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев адал еңбектің медицина саласындағы маңызына тоқталып, болашақ фельдшерлер мен медбикелерге сәттілік тіледі. Ол колледждің үздік түлектеріне қызыл дипломдарын салтанатты түрде табыс етті.
Сахна төрінде «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология» және «Фармация» мамандықтары бойынша білім алған жас түлектердің әрқайсысы дипломдарын алып, мақтанышпен тұрды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен ажарлана түсті.
Жас мамандардың үлкен өмірге қадам басуы – еңбекке негізделген кәсіби жолдың бастауы. Медицина саласында қызмет ету тек терең білімді ғана емес, адам өміріне деген зор жауапкершілікті, жанашырлықты және үздіксіз ізденісті талап етеді. Бүгін диплом алған түлектер ертең халық денсаулығын сақтауға үлес қосатын еңбек адамдары ретінде қоғам игілігі жолында қызмет етеді.
Осындай білім ордалары кәсіби білікті мамандарды тәрбиелеу арқылы еңбек адамының жаңа буынын қалыптастырады. Жастардың таңдаған мамандығына адал болып, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіруі – елдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосылатын маңызды үлес. Бұл еңбекқорлықтың, табандылықтың және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
Қарапайым еңбек адамдарының еңбегі мен жетістіктерін насихаттау, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу – жастарды еңбексүйгіштікке баулудың тиімді жолы. Мұндай тағылымды шаралар адал еңбекке деген құрметті нығайтып, патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне ықпал етеді. Еңбек адамының мәртебесін көтеру арқылы қоғамда кәсібилік, жауапкершілік және еңбекпен жеткен табысты жоғары бағалайтын құндылықтар орныға түседі.
Қорытынды бөлімде колледж директоры Жанара Әмірханқызы, оқу ісі жөніндегі орынбасар Салтанат Кебеева және оқу бөлімінің меңгерушісі Бахадир Акрамшиков шәкірттерінің жетістігіне себепкер болған ата-аналарға ерекше алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.
Бұл күн – тек жас мамандардың емес, олардың қиын да қызықты жолында демеу болған ата-аналар мен ұстаздардың да мерекесіне айналды.

Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

Алдыңғы

ПЕРВЫЙ ШАГ БЛАГОРОДНЫХ СЕРДЕЦ В БЕЛЫХ ХАЛАТАХ: МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ «САЙРАМ» ПРОВОДИЛ ВЫПУСКНИКОВ ВО ВЗРОСЛУЮ ЖИЗНЬ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *