ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

КӘСІПОДАҚ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ: КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов «Халің қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мекеменің басшысы Арызбек Абыдынұлы Каукешовтің және кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақдаулет Табысұлы Әлішерінің қатысуымен ұжымның кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында кездесіп, олардың еңбек ету жағдайларымен танысты.
Басқосу жиынында филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қатысушыларды «Астана күні» мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласын таза ұстаудағы, көгалдандырудағы және қалалық жайлы ортаны қалыптастырудағы табысты еңбектері үшін салалық кәсіподақ атынан алғысын білдіріп, мекеменің белсенді жұмысшыларына «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.
Кездесу соңында ұжым басшысы Арызбек Каукешов «Қызмет» салалық кәсіподағына ризашылықтарын білдіріп, шынайы алғыстарын жеткізді.
Кездесу барысында еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуы, еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс жағдайларын жақсарту және ұжымдық шарттың орындалуы мәселелері де талқыланды. Ашық форматта өткен пікір алмасуда қызметкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, кәсіподақ тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты түсіндірмелер берілді. Мұндай кездесулер жұмысшылардың өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.
Коммуналдық салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер – қаланың тазалығы мен көркеюіне күн сайын үлес қосып жүрген нағыз еңбек адамдары. Олар таңның атысынан кештің батысына дейін қоғамдық орындарды күтіп-баптап, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолында аянбай еңбек етеді. Бұл – жоғары жауапкершілік пен табандылықты талап ететін маңызды жұмыс.
Осындай қарапайым еңбек адамдарының еңбегі мен жетістіктерін кеңінен насихаттау қоғамда еңбекке деген құрметті арттырып, жастарды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және өз кәсібіне адал болуға тәрбиелейді. Еңбегімен ел игілігіне қызмет етіп жүрген жұмысшылардың кәсіби жетістіктерін бағалау олардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, адал еңбек арқылы табысқа жетуге болатынын айқын көрсетеді.
Кәсіподақтың еңбек адамын қолдауға бағытталған мұндай бастамалары қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауды күшейтіп, еңбек ұжымындағы ынтымақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, мұндай игі шаралар патерналистік көңіл-күй мен масылдықтың төмендеуіне ықпал етіп, еңбек мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда адал еңбек құндылықтарын дәріптеуге қызмет етеді.

Солдат Национальной гвардии оказался удивительно похож на актера из фильма «Калашников»

Алдыңғы

ПРОФСОЮЗ В ДЕЙСТВИИ: ПРОФСОЮЗНЫЙ ЛИДЕР ВСТРЕТИЛСЯ С РАБОЧИМИ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *