Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын ең басты құжат. Ол елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдағы әділеттілік пен теңдіктің берік іргетасын қалайды. Әрбір азамат өз мүддесін қорғауда ең алдымен осы Ата заңның нормаларына сүйенеді.
Азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауда Конституциялық сот ерекше рөл атқарады. Кез келген адам өзінің негізгі құқықтары бұзылған немесе заңдардың әділдігіне күмән туған жағдайда осы органға тікелей жүгіне алады. Мұндай мүмкіндік мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, демократиялық құндылықтардың дамуына жол ашады.
Ата заңды құрметтеу және оның талаптарын мүлтіксіз орындау – дамыған құқықтық қоғам құрудың негізгі шарты. Заң алдындағы жауапкершілікті сезіну және оны күнделікті өмірде басшылыққа алу елдің тұрақтылығы мен жарқын болашағын қамтамасыз етеді. Сондықтан Конституцияның үстемдігін сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Базаркүл ҚАЛБЫР













Comments