
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және“Халық банкі” Акционерлік қоғамыныңсеріктестігімен, 2017 жылдан бері отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және қаржылық сауаттылықты арттырутақырыбына өтетін “Еркінсөз”-2026шығармашылық байқауыныңережесі.
«ЕРКІН СӨЗ»-2026 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың міндеттері:
Қазақ журналистердің қаржылық саладағыкәсіби білігін жақсарту, Қазақ қоғамындағы қаржылық сауат деңгейін БАҚ-та жарияланатын материалдар арқылы көтеру.
Журналистерді ынталандыру;
материалдардың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
мәселенің көтерілуі және оны жан-жақтыашып көрсету;
материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдердішешу жолдары;
жұмыстардың шығармашылық толымдығы;
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру “Түркітілдесжурналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетінБайқаудыңұйымдастыру комитетіне (бұданәрі – Ұйымдастырукомитеті) жүктеледі.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылықтанытушы тұлғалардыңбарлығына танысу үшінұсынылады. ЕрежеБАҚ-та жарияланады.
Байқауға қатысуға Қазақстанда қазақ тіліндежазатын жәнехабар тарататын барлықреспубликалық, халықаралықжәнеаймақтық БАҚ журналистерішақырылады.
Байқауға қатысуға қаржы және қаржылық сауатты арттыру тақырыбындағыматериалдар қабылданады. Қатысушыларғақойылатын талап: көтерілген тақырып халықтыңқаржылықсауаттылығын арттырутұрғысынан пайдалы болуы шарт.
2026 жылдың 01 қаңтарынан 2026 жылдың 21 қазанынадейін жарияланған немесеэфирге шыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТТЕР қабылданады. Бір редакциядан бірнеше журналист матреиал жолдауға қақылы.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (газет бетінің PdF форматы қабылданбайды)және WORD форматтағы нұсқасыұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар (телевизиялық сюжет) телеарнаның YouTube арнасына жарияланған сілтемесімен ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме және WORD форматтағы нұсқасы жолдауны қажет.
Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 21 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.
Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.
Қазақстандағы БАҚ-та Байқауды өткізутуралы ақпарат, қатысу шарттары мен Байқау ережесі туралыхабарландыружарияланады.
Байқау материалдары байқаудыңҰйымдастыру комитетініңмекен-жайынанемесе электронды поштаға 2026 жылдың21қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілгенөтініштерді қараудыңрегламентін Байқау комиссиясыбелгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысыныңнәтижесібойынша байқау жеңімпаздарынайқындайды.
Жеңімпаздарды жариялау келесіноминациялар бойыншабайқауды жалпықорытындылау шеңберінде іскеасырылады:
Үздік видеосюжет (телевидение);
Үздік мақала (газет);
Сайттағы үздік мақала;
Жеңімпаздарды марапаттау.
Байқау материалдарын бағалау барысындакелесі шарттарназарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалықсапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыстамазмұндалғанақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптерінесәйкестігі; сыртқы безендірілуі.
Ұйымдастыру комитеті:
Байқау туралы осы ереженің талаптарынасәйкесіздіктердінегізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
Қандай да бір үміткерге қатысты Байқаукомиссиясыныңмүшесі өз өкілеттіктерінасыра пайдаланғаны анықталғанкезеңдеБайқау қорытындыларын жоққа шығаруғақұқылы.
А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдайжасау;
Ә) Байқауды өткізудің жариялылығынқамтамасыз ету;
Б) Байқаудың нәтижелері туралымәліметтердің уақытынанбұрын жарияетілуіне жол бермеу.
Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруғақұқылы:
Байқауға түскен материалдарға баға беру;
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтартағайындай отырып, байқаудықорытындылау.
А). Барлық қатысушылар үшін тең жағдайжасау;
Ә). Байқаудың нәтижелері туралымәліметтердің уақытынанбұрын жарияетілуіне жол бермеу.
Б). Байқау комиссиясы мүшесінің байқауғақатысуына жолберілмейді.
Байқауға қатысушылар мыналарды іскеасыруға құқылы:
А). Байқаудың өту шарттары мен тәртібітуралы ақпараттаралу;
Ә). Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженіңтармақтарынатүсіндіруді сұрау;
Б). Байқауға қатысу үшін материалдаржолдау.
А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауғақатысу үшін қойылатынталаптарды зерттеу;
Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкесрәсімделгенматериалдарды уақытылыұсыну;
Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелермен процедураларды сақтау.
А). Материалдар мен түйіндемедекөрсетілгенақпараттардың шынайылығынақойылатын талаптардыбұзғаны үшін;
Ә). Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедуралардысақтамағаны үшін.
Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттықсеріктестіктер қамтамасыз етеді.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39A.
Сall centre: + 7702 543 7740 (WhatsApp);электронды пошта: erkinsoz2026@gmail.com










Comments