ЖаңалықтарМәдениет

«ШЫРҚА, ГИТАРА»

Сөзі: Байғали Есенәлиевтікі.

Әні: Ержан Серікбаевтыкі.

Орындаушы: Бүркіт Елбай.

Әттең, Ержан өмірден ерте кетті. Қай бір жылы «Шұғыла» газетіне сұхбат бергенінде жан-дүниесін ақтара сөйлеп еді.

Қазақтың біртуар дарынды композиторы, ел сүйіп тыңдайтын тамаша патриоттық әндердің авторы Ержан Серікбаевтың арамыздан кеткеніне биыл қыркүйекте 15 жыл болады екен. Уақыт шіркін тым жүйрік, бірақ уақыт емші болғанымен, таза талантқа деген сағынышты баса алмайды.

Оның бойындағы құдіретті сезім тым ерте оянды. Алғашқы әнін мектеп қабырғасында, небәрі 8-сыныпта оқып жүргенде шығарған бала Ержан кейіннен тұтас бір ұлттың рухын көтеретін, махаббатын тербететін ірі тұлғаға айналды.

Ержанның әндерін тыңдап отырып, бойыңдағы отаншылдық сезімнің қалай лаулағанын байқамай да қаласың. Ол ноталармен емес, жүректің лүпілімен ән жазған жан. Ержанның әндері — мәңгілік.

Ержанның өлмес әндері заман талабына сай жастардың орындауында тағы да түрленіп, құлпырып өз тыңдарманына жетуде.

Маңғыстаулық әнші Бүркіт Елбайдың орындауында «Шырқа, гитара!» әні қайта шарықтайды деп сенеміз.

 

В Алматы прошел III республиканский форум «Патриотизм и любовь к Родине – забота каждого командира»

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *