Жаңалықтар

КЕНЕ МЕН МАСАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЫМКЕНТТЕ МАУСЫМДЫҚ ӨҢДЕУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және инфекциялық аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағында масалар, кеміргіштер және шегірткелерге қарсы өңдеу науқаны жалғасып жатыр.

Масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар 30 наурызда басталған. Жоспарға сәйкес 14 саябақ, 38 өзен мен канал, сондай-ақ 49 гүлзар мен аллея кезең-кезеңімен өңделеді. Бүгінгі күнге дейін саябақтарда үш мәрте, ал өзен арналары мен гүлзарларда екі мәрте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Кеміргіштерге қарсы көктемгі дератизация сәуір айында толық аяқталды. Өңдеу жұмыстары өзен жағалаулары, суару каналдары мен қоқыс контейнерлері орналасқан аумақтарды қамтыды. Нәтижесінде кеміргіштерден зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе төмендеген.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы мен жасыл желектерге қауіп төндіретін саяқ шегірткелерге қарсы да арнайы шаралар қолға алынған. Мамыр-шілде айларында жалпы көлемі 1382 гектар жерді химиялық өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 300 гектарында жұмыстар аяқталды.

Жауапты мекемелердің мәліметінше, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасып, қаладағы санитариялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://youtube.com/live/s2vr3p3Hb8s?feature=share

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Шымкентте криптоактивтер мен цифрлық дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша өңірлік семинар-практикум өтті

Алдыңғы

Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *