Жаңалықтар

«АЛТАЙ АРДАҚТЫСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «АЛТАЙ АРДАҚТЫСЫ» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты:

Шығыс Қазақстан облысында еңбек етіп, кәсібіне адалдық пен жоғары жауапкершілік танытқан, қоғамда зор беделге ие мамандарды кеңінен насихаттау. Өзінің жеке үлгісі арқылы өзгелерге жол көрсетіп, кәсібінің нағыз шебері атанған азаматтардың еңбегін бағалау, сондай-ақ жас буынды еңбекке, кәсібилікке, адалдық пен әділеттілікке тәрбиелеуге ықпал ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

Білім және ғылым саласының мамандары;

Маслихат депутаттары;

Медицина саласының мамандары;

Спорт, мәдениет және өнер саласының мамандары;

Әдебиет және көркем өнер саласының мамандары;

Кәсіпкерлер;

Есепшілер;

Қоғам қайраткерлері;

Ауыл-шаруашылық мамандары;

Энергетика саласының мамандары;

Ақпараттық технологиялар саласының мамандары;

Заң саласының қызметкерлері;

Әскери қызметкерлер;

Экономистер;

Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;

Әлеуметтік қызметкерлер;

Дарынды жастар;

Экологтар, геологтар, табиғи ресурстар саласының мамандары;

Мемлекеттік қызметкерлер;

Құрылыс саласының мамандары;

Зейнеткерлер;

Басқарушы кадрлар / менеджерлер;

Ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлері;

Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері (театр, музей, кітапхана орталықтары);

Инженерлік кадрлар;

IT стартаптар мен инновациялық жобалардың жетекшілері;

Ел Егемендігінің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз!

Байқаудың шарттары:

 Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman), өтініш кестесін толтырып, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) жіберуі тиіс.

 Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың мамыр айының 29-на дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарына:

• Арнайы тағайындалған «АЛТАЙ АРДАҚТЫСЫ» төсбелгісі;

• Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;

«АЛТАЙ АРДАҚТЫСЫ» статуэткасы;

«АЛТАЙ АРДАҚТЫСЫ» атты республикалық энциклопедиясы;

 ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ;

• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.

 

 Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru

Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_

Facebook парақшасы: Білім өркениеті

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Облыс, қала, аудан, ауыл атауы

 

Қызмет орнының атауы, лауазымы

 

Еңбек өтілі

 

Байқау атауы

«АЛТАЙ АРДАҚТЫСЫ»

Басшының толық аты-жөні

 

Телефон, ұялы телефон, e-mail

 

Сапалы түрлі-түсті ¾ фото

 

Түркістан облысына өңірлерден шақырылғандар сарбаздар келді

Алдыңғы

Жастарды заң бұзушылықтан сақтаудағы прокуратураның профилактикалық жұмысы

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *