Әлем жаңалығыБасты ақпаратБілімҒылымЖаңалықтарТехнология

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЕАЭО ЖИЫНЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ НЕ?

Кеше, 26 наурызда Шымкент қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Үкіметаралық кеңесі мен «Digital Qazaqstan — 2026» халықаралық форумы жұмысын бастады. Бұл шара еліміздің үшінші мегаполисі үшін ғана емес, бүкіл Одақ кеңістігі үшін маңызды стратегиялық қадам болып саналады.

Оған кімдер қатысуда?

Жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанның Үкімет басшылары, сондай-ақ Арменияның вице-премьері қатысуда. Бұдан бөлек, бақылаушы ел ретінде Өзбекстан мен Куба делегациялары және әлемдік IT-индустрияның 3 мыңнан астам сарапшысы бас қосты.

Неге дәл Шымкентте өтуде дейсіздер ме?

Бұрын мұндай ауқымды жиындар негізінен Алматы мен Астана қалаларында өтетін. Биыл Шымкенттің таңдалуы тегін емес. Өйткені, цифрландыру игілігін тек елордада ғана емес, өңірлерде, әсіресе халық тығыз қоныстанған оңтүстік сияқты өлкеде дамыту басты басымдық болып отыр.

Индустрия 5.0. Қаланың өндірістік әлеуетін пайдалана отырып, зауыт-фабрикаларға жасанды интеллект пен роботты техниканы енгізу мәселесі алғаш рет осы жерде кеңінен талқылануда.

Форумның негізгі тақырыбы «Индустрия 5.0: Өзара іс-қимыл күші» деп аталады.

Жасанды интеллект: Мемлекеттік қызметтер мен қауіпсіздік жүйелеріне жасанды интеллектіні енгізу;

Кедергісіз сауда: Одақ елдері арасындағы тауар айналымын цифрлық форматқа көшіру арқылы бюрократияны азайту;

Білім мен кадр: Жаңа технологияларды мектеп бағдарламасына бейімдеу және IT мамандарды даярлау.

Келесі бағыт — Астана. Бұл Шымкенттегі үкіметаралық келіссөздер мен цифрлық бастамалар алдағы үлкен жиынға негіз болмақ. ЕАЭО аясындағы келесі ірі стратегиялық іс-шара — биылғы мамыр айында Астана қаласында өту жоспарланған.Ол жерде мемлекет басшылары деңгейінде маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Ал,іске сәт! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *