Жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілер референдумға белсенді қатысты

Конституциялық реформа – ел болашағының кепілі екенін ұғынған шымкенттіктер саяси науқанға ерекше белсенділікпен қатысуда. Соның бір көрінісі – 35748 әскери бөлімі сарбаздарының №131 референдум учаскесіне сап түзеп келуі болды.

Учаскенің ресми ашылуында дәстүрге сай Мемлекеттік Әнұран шырқалып, сарбаздар оны бір кісідей қосылып орындады. Бұл сәт жиналған тұрғындарға ерекше рух сыйлады.

Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берген сарбаз – қатардағы жауынгер Али Иманбек. Оның айтуынша, бұл оның өміріндегі алғашқы саяси науқан.

— Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Еліміздің болашағына әсер ететін осындай маңызды шараға қатысып, азаматтық борышымызды орындау – әрбіріміздің міндетіміз, — деді ол.

Бұл күні Қарулы күштердің ардагерлері де өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, референдумға қатысты. Солардың бірі – запастағы полковник Реимбай Халмуратов.

— Конституция – еліміздің негізгі заңы. Сондықтан бүгінгі референдум ел дамуы үшін маңызды қадам деп санаймын. Мен өз таңдауымды жасадым, — деді ол.

Айта кету керек, учаскелік референдум комиссиясының мүшелері сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киімдермен қарсы алды. Олардың айтуынша, Наурызнама онкүндігіне тұспа-тұс келген маңызды саяси шараны ұлттық дәстүрмен өткізу – патриотизмнің көрінісі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

Алдыңғы

Шымкентте әскери қызметшілер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *