Жаңалықтар

КӨРІСУ КҮНІ – ІЗГІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін әз-Наурыз мерекесінің бастауы саналатын 14 наурыз Көрісу күні халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алады. Осындай тағылымы мол дәстүрді жаңғырту мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Абай ауданы Достық шағын ауданындағы №69 жалпы орта мектепте Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мектеп ауласында өткен тағылымды жиынға аудан тұрғындары, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысып, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүрге сай үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақсақалдар жастарға ақ батасын берді. Бұл көрініс жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің мәнін ұғындырып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.

Мерекелік шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени көріністер ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Алдыңғы

ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЕБЕРЛІГІ СЫНҒА ТҮСКЕН ДОДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *