АҚБИКЕШТІ ЖОҒАЛТЫП АЛМАЙМЫЗ БА немесе ОНЫ КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?
Біртуар азамат Сұлтанбек Қожановтың мұражайынан соң, Қазақствн Журналистика Академиясының, академгі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері елімізге белгілі десек, артық айтпайтын шығармыз, Қаратаудың етегінде орналасқан, уранымен әйгілі Таукент қалашығына түнделете жеттік. Шымкентпен салыстырғанда кәдімгідей қара суығы беті-қолыңды қариды. «Ақжайық» қонақүйіне ішіне кіргеннен жып-жылы бөлмелері қарсы алды. О, таңертең тұрсақ кешегі ме, ауыздан шыққан дем бу болып ұшуда. Биік тау етегіне әдемі ауыл орналасқан. Сол жерден тау қашықтығы 6 шақырым екен.
Хош, сонымен Ақсүмбе ауылына, ондағы Ақбикешке бет алдық. Ақсүмбе Қаратаудың теріскейінде, Ақсүмбе өзенінің сол жағалауында жатыр.Солтүстігінде Ұлытау, шығысында Мойынқұм
(Жамбыл), батысында Қызылорда облыстарымен шектеседі.
Бұл тарихи мәдени орындарымен белгілі өңір. Әсіресе, сонау орта ғасырдан бері келе жатқан әйгілі Ақсүмбе мұнарасымен бұл өңір небір ғалымдар мен жиһанкездердің жазбасына ілінген. Негізгі қызметі бұл мұнара биік жерге орналасқандықтан да сонау жақтан мен мұндалап көрінеді. Алғашқыда ұзындығы 25 метр, ені 11,5 метр болған екен. Қазір шамасы ұзындығы 10 метрдей ғана болса, ені 7 метрге жетер-жетпес. Өйткені сонау ғасырлардан бері жел мен жаңбырдан, қардан мүжіле-мүжіле осы халге жеткен. Оның жоғарылаған сайын терезелері болған дейді. Жоғарыға шығып қарағанда Бетпақдала мен Мойынқұм жақтан келе жатқан қыбырлаған тіршілік иесі көрінетін болған. Талай тарихи оқиғаларды бойына сіңірген бұл мұнара қазір келген-кеткендерді үнсіз қарсы алады.
Елге адал қызмет еткен, солақай саясаттың құрбаны болған қайсар тұлға Сұлтанбек Қожанов білім алған, осы жерден қанаттанып, елдің тарихына қанығып өскен мекен бұл. Он тоғызыншы ғасырдың соңында өмір сүрген ол балалық шағында осы Ақбикештің төбесіне талай рет шыққан болар. Ол осы биік мұнараның талай оқиғалардың, мәселен, Ақсақ Темірдің де пайдаланғанын, естіп өскені анық.
Иә, біз де Ақбикеш төбесіне шықтық. Айнала алақандағыдай көрінеді. Созақтың киелі жері ұшы-қиырсыз созылып жатыр. Бір жағында Қаратау жатыр көсіле. Енді желін, айта алмаймын, адамды ұшырарлықтай азынап тұр. Жан-жағы мүжілген, шынымды айтсам, айналасын жаудан қорғауда бақылау орны ретінде қызмет еткен мұнараның қазіргі мүшкіл халі кейінгі ұрпақтан көмек сұрап тұрғандай әсер етті. Сол жердің тұрғындары «Бұл республикалық маңызы бар тарихи орын. Біз оған ештеңе істей алмаймыз» дейді.
Ақбикеш әскери тарихтың тірі куәгері. Орта Азияда сирек кездесетін қарауыл бекеттерінің бірі.Ашық аспан астында тұрғандықтан ол күн сайын мүжіліп барады.
Иә, өткенін құрметтемеген халықтың болашағы бұлыңғыр. Ақбикешті сақтау үшін келесі қадамдар қажет:
1. Мұнараны тек сыртынан жөндеп қана қоймай, оның кірпіштерінің үгітілуін тоқтататын арнайы химиялық-техникалық шешімдер қолдану.
2.ЮНЕСКО тізіміне енгізу. Бұл нысан халықаралық деңгейдегі мәртебеге ие болса, оны қорғауға әлемдік сарапшылар мен гранттар да тартылар еді.
3. Ақсүмбе аймағын ашық аспан астындағы тарихи-туристік кешенге айналдыру. Өйткені, сырлы Созақ түрлі тарихи құндылықтарға толы мекен. Мұнда
Ақбикеш мұнарасы — біздің рухымыздың биіктігі. Егер біз бүгін бұл «дала шырағын» жөндеп, келер ұрпаққа аман тапсырмасақ, ертең тарихымыздың тағы бір парағынан айырылып қалуымыз әбден мүмкін.
Базаркүл ҚАЛБЫР,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі












Comments