ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЫҒАЙДЫ

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыспен күрес бағытында жүйелі жұмыстар атқарды.
Аталған жұмыстардың нәтижелері туралы Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы Есенғали Бейсебаев аудан тұрғындарымен өткен жиында баяндады. Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудан прокурорының орынбасары Нұркен Ағабеков, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.
Жиын барысында аудан тұрғындары тарапынан жол бойына бейнебақылау камераларын орнату, мал ұрлығының алдын алу мәселелері айтылып, Есенғали Бейсебаев тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді. Осы орайда аудан әкімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
-Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ең алдымен отбасындағы тәрбиеден басталады. Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиесіне жауапты. Сондықтан біз “мен” емес, “біз” деген ұстаныммен бірлесе әрекет еткенде ғана қылмыстың алдын ала аламыз. Заң мен тәртіп – тұрақты дамудың және қауіпсіз қоғамның басты кепілі, – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер назардан тыс қалмайтынын айтып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Полиция басқармасының бастығы дәмханалар мен ойын-сауық орындарының жұмыс уақытын қайта қарау жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл ұсынысты аудан әкімі аудандық мәслихатпен бірлесіп қарау қажеттігін жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, орындалуы бақылауға алынды.
Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бірқатар қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін марапатталды.
Айта кетсек, 2026 жылдың Балалар жылы болып жариялануына байланысты «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық кепілі» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқаруда.

ТҮРКІСТАНДА СТАЛКИНГТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Алдыңғы

АУДАНДЫҚ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *