ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ АУДАНҒА ТІРКЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Сауран ауданы ауданында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың құжаттарын рәсімдеу және ауданға тіркеу мәселелері бойынша жиын өтті. Басқосуға аудан аумағында қызмет атқаратын кәсіпорындардың салықтық тіркелуі, жерге қатысты құжаттарының заңдастырылуы, сондай-ақ заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Жиын барысында бірінші кезекте жер қойнауын пайдаланушылардың ауданға салықтық тіркелуі және олардың атқарып жатқан жұмыстары күн тәртібіне шығарылды. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Кішібаев Байдулла баяндама жасап, кәсіпорындардың тіркелу тәртібі мен салықтық міндеттемелерді орындау мәселелеріне толық тоқталды. Ол салық төлеу тәртібін бұзған жағдайда заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аудан аумағында орналасқан 35 жер қойнауын пайдаланушы субъектінің жер учаскелеріне қатысты құжаттарының рәсімделу деңгейі болды. Патсаев Асылбек, жер қатынастары бөлімінің басшысы, құжаттандыру жұмыстарының барысы мен жер қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтау қажеттігіне тоқталды. Ол барлық кәсіпорындардың жер учаскелеріне қатысты құжаттарын толық рәсімдеудің маңыздылығын жеткізді.
Үшінші мәселе заңсыз жер қойнауын пайдалануға арналған. Шакиров Сұлтанғали, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы, заң бұзушылықтардың алдын алу, бақылауды күшейту және тиісті шаралар қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол кәсіпкерлерге заң талаптарын сақтау, рұқсатсыз жерді пайдаланбау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрақты мониторингтің ұйымдастырылғанын айтты.
Жиын қорытындысында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың құжаттарын толық рәсімдеу, ауданға салықтық тіркелу тәртібін сақтау және заңсыз жер қойнауын пайдалануға жол бермеу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жауапты бөлімдерге анықталған мәселелерді заң талаптарына сәйкес шешіп, бақылауды күшейту міндеттелді. Мұндай шаралар аудан аумағындағы жер қатынастарының ашық әрі заңды түрде жүзеге асырылуына, кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ЕРІКТІЛЕР – ҚОҒАМНЫҢ ЖАСАМПАЗ КҮШІ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *