ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі қала аумағындағы құрылыс нысандарына тұрақты түрде бақылау жүргізуде. Негізгі мақсат – құрылыс жұмыстарының қолданыстағы заңнама талаптарына және бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін сақтау.
Кезекті тексеру барысында Түркістан қаласы, Шымкент тас жолы көшесі, №22 мекенжайында орналасқан нысан бойынша бекітілген жобадан ауытқу дерегі анықталды. Атап айтқанда, нысанның бір бөлігі тиісті рұқсатсыз және жобалық құжаттамадан тыс салынғаны белгілі болды. Бұл жағдай құрылыс саласындағы талаптардың бұзылуы болып есептеледі және заң аясында қаралды.
Аталған заң бұзушылыққа байланысты іс сот тәртібімен қаралып, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шешімімен рұқсатсыз салынған құрылыс бөлігін бұзу туралы қаулы қабылданды. Қазіргі таңда заңсыз салынған нысан бөлігі жауапкердің өз қаражаты есебінен бұзылуда. Бұл – құрылыс саласында заң талаптарын сақтамаудың нақты құқықтық салдары бар екенін көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын жер телімінің нысаналы мақсатына сәйкестігін нақтылап, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, сараптамадан өткізіп, тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдеу міндетті. Бекітілген жобаға өз бетінше өзгеріс енгізу немесе қосымша құрылыс жүргізу заң бұзушылық болып табылады және әкімшілік немесе сот тәртібімен жауапкершілікке әкеледі.
Осыған байланысты кәсіпкерлер мен құрылыс салушыларға құрылыс жұмыстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкес жүргізу қажеттігі ескертіледі. Әсіресе, жобадан ауытқымау, құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау – басты міндет.
Қаланың сәулеттік келбеті мен инфрақұрылымдық тұтастығын сақтау – ортақ жауапкершілік. Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі құрылыс жұмыстарын бекітілген жобаға сай жүргізуге, заң талаптарын сақтауға және қаланың көркемдік келбетін бұзбауға шақырады. Түсіндіру және бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Алдыңғы

Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *