ӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясатыЗаңҚоғам

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бекболдының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды үйлестіру.
Комиссия отырысы барысында кәмелетке толмаған балаларға қатысты 7 мәселе қаралды. Атап айтқанда, жиналған іс-құжаттар негізінде балалардың өмір сүру жағдайы, отбасындағы тәрбиелік ахуал, білім алу құқығы, денсаулығын қорғау және қауіпсіз ортада өсуін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері сараланды.
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жауапты мекеме өкілдері баяндама жасап, нақты деректер мен ұсыныстар ұсынды. Құқық қорғау органдары, білім беру және әлеуметтік сала мамандары тарапынан балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу, тәуекел тобына жататын отбасылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы шаралар туралы ақпарат берілді.
Комиссия мүшелері ұсынылған мәліметтерді талқылай отырып, әрбір жағдайға заң талаптарына сәйкес жеке-жеке тоқталды. Балалардың құқықтарын бұзуға жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында нақты шешімдер қабылданды. Кейбір мәселелер бойынша тиісті мекемелерге қосымша зерделеу жұмыстарын жүргізу және бақылауды күшейту тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту, профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауда болатыны ескертілді.
Жалпы, мұндай комиссия отырыстары – жас ұрпақтың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Алдыңғы

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ АУДАНҒА ТІРКЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *