Шымкентте паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спортқа арналған ірі кешеннің құрылысы басталды. Нысан орнында өткен символикалық капсула салу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, инклюзивті спорт инфрақұрылымын дамытудың маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында әкім бұл кешеннің тек спорттық ғимарат емес, ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы болатынын айтты. Жобаның Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқанын да атап өтті.
Жобамен таныса келе, болашақ кешеннің ауқымы кең екенін байқадық: футбол алаңы, әмбебап және арнайы спорт залдары, бассейн, воркаут аймақтары, жүгіру және велосипед жолақтары қарастырылған. Жалпы аумағы 16,8 мың шаршы метрден асады. Іс-шара соңында еңбек ардагерлері қала әкіміне шаһарда атқарылып жатқан түрлі игі істер мен жүйелі жұмыстар үшін алғыстарын білдірді.













Comments