ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

Кентау қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі талқыланды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесіне арналған арнайы жиын өтті. Жиын қалалық әкімдіктің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған қалалық прокуратурасының аға прокуроры Бақберген Әбілқасымов, ішкі істер бөлімінің басшысы Шерәлі Әділханұлы, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов, сондай-ақ қала аумағында қызмет атқарып жатқан ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов жыл басынан бері орын алған төтенше жағдайлардың статистикасы бойынша баяндама жасап, негізгі көрсеткіштер мен себептерге тоқталды. Ол сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында барлық азаматтар мен ұйымдардың сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігі, газдан улану, электр желілерін дұрыс пайдалану, су тасқыны және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Қала прокурорының аға прокуроры Бақберген Әбілқасымов заң талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер мен ұйымдарға қолданылатын жауапкершілік шаралары жөнінде түсініктеме берді. Ол алдағы уақытта тексеру жұмыстары күшейтілетінін, қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, прокурор кәсіпкерлер мен тұрғындарға қауіпсіздік нормаларын сақтау тек заң талабына ғана емес, өз және қоршаған ортаның өміріне деген жауапкершілік екенін еске салды.
Қала әкімі Жандос Тасов өз сөзінде төтенше жағдайлардың алдын алуда кәсіпкерлердің, мекеме басшыларының және тұрғындардың белсенділігінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол кәсіпкерлерді өз нысандарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау арқылы адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға шақырды. Сонымен қатар, қала тұрғындарын сақтық шараларына бей-жай қарамауға, қауіпті жағдайда бір-біріне көмек көрсетуге үндеу жасады.
Жиын барысында қатысушыларға арнайы жадынамалар таратылып, онда өрт қауіпсіздігі, газдан улануды болдырмау, электр және құрылыс қауіпсіздігі сияқты маңызды ережелер мен профилактикалық шаралар толық қамтылды. Тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар жасалды. Мәселен, кейбір тұрғындар ауылдық аймақтарда өртке қарсы жабдықтардың жеткілікті еместігіне, кейбір кәсіпкерлер қауіпсіздік талаптарын орындауға қосымша субсидия қажет екеніне назар аударды. Барлық сұрақтар бойынша тиісті сала басшылары нақты жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспары түсіндірілді.
Жиын қорытындысында қала басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін және бұл бағыттағы іс-шаралардың қала мен ауылдық елді мекендерде жүйелі түрде жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, барлық жауапты мекемелерге тұрғындар мен кәсіпкерлерді тұрақты ақпараттандыру, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту, бақылауды күшейту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Осы шаралар Кентау қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайларды алдын алу деңгейін көтеруге, сондай-ақ қала экономикасына және әлеуметтік саласына тікелей оң әсер етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Арыста криминогендік ахуал мәселелері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

Алдыңғы

ЖЕТІСАЙ: Жетісайда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындарға айыппұл салынды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *