ӘлеуметБизнесЖаңалықтарҚоғамЭкономика

КЕЛЕС: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 2,5 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛУҒА ЖАҚЫН

Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Али Бектаев, Мұрат Қадырбек және Әлішер Сатыбалдиев, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев арнайы жұмыс сапарымен келіп, Жүзімдік елді мекенінде салынып жатқан минералды су зауытының құрылыс барысымен танысты. Сапардың басты мақсаты – өңірдегі инвестициялық жобаларды бақылау, кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту және жаңа өндірістік нысандардың іске қосылу барысын тексеру болды.
Депутаттарға зауыттың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстар және жобаның алдағы кезеңдері таныстырылды. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, заманауи технологиялық қондырғылар жеткізілген. Бүгінде құрал-жабдықтарды монтаждау және іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Зауытты жобалау және құрылысты жүзеге асыру кезінде заманауи стандарттар мен сапа талаптары қатаң сақталуда, бұл өндірістің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Сенат және Мәжіліс депутаттары жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті. Олар мұндай өндіріс орындарының ашылуы инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті әлеуетті арттыруға және өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсер ететінін жеткізді. Сонымен қатар, жобаның іске қосылуы Келес ауданында өндіріс көлемін ұлғайтуға, тауар айналымын арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім шығару мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жоба аясында SunDala брендімен минералды су және лимонадтық сусындар өндірілмек. Инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Зауыт толық іске қосылған жағдайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылады, бұл жергілікті тұрғындарға жаңа әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктер ашады. Өнімдер ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталатын болады, бұл Қазақстандық брендтің халықаралық нарықта өзін танытуына жол ашады.
Сонымен қатар, инвесторлар зауыт жұмысын тиімді жүргізу үшін қосымша қойма салуға қажеттілік бар екенін айтты. Бұл мәселе аудан әкімдігі тарапынан толық қолдау табатыны хабарланды. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев жобаның уақытылы және сапалы іске асуы үшін барлық тиісті шараларды қабылдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу барысында депутаттар жобаның экономикалық тиімділігін және аймақ тұрғындары үшін әлеуетін атап өтіп, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету мәселелері назарда болатынын айтты. Олар сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, өндіріс сапасын жақсарту және жаңа технологияларды енгізу бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.
Осылайша, Келес ауданында салынып жатқан минералды су зауытының іске қосылуы өңірде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға серпін береді. Жоба іске қосылған кезде жергілікті экономикаға қосқан үлесі айқын көрініп, аудандағы өндіріс саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

КЕЛЕС: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС ДАМУДА

Алдыңғы

КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *