ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ЖЕТІСАЙ: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖЕТІСАЙДА

ҚР Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Жетісай ауданына жұмыс сапарын жүзеге асырып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жобалармен танысты.
Іс-сапарларын сенаторлар Мақталы ауылдық округіндегі «Мүйтембай ата» шаруа қожалығының жұмысын қарап шығудан бастады. Қожалықта қазіргі уақытта 200 бас ірі қара бордақыланып, өндірілген ет өнімдері негізінен Жетісай және Мақтаарал аудандарының тұрғындарына ұсынылады. Жылына 500 басқа дейін мүйізді қараны бордақылап, 150 тонна ет өндірілетін қожалық 15 жыл бұрын құрылған. Қожалық өзінің қажетті жем-шөпін 30 гектар жерге егілген егістіктен дайындайды және тұрақты түрде 10-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Сенаторлар өндіріс үдерісімен танысып, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік рөлін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, сенаторлар Асықата кентінде «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен салынған заманауи үстел теннис орталығын аралады. Бір гектар аумақта орналасқан орталыққа 1,2 млрд теңге инвестицияланған. Мұнда бір мезетте 200 адам жаттыға алады. Жаттығушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында екі жаттығу залында 9 теннис үстелі, 3 күрес кілемі, бокс рингі және тренажер жабдықтары орналастырылған. Сонымен қатар 30 орындық жатақхана мен асхана қызмет көрсетеді. Сенаторлар ғимаратты аралап көріп, жергілікті депутаттар мен спорт мамандарымен пікір алмасты.
Іс-сапар барысында сенаторлар «Асықата» орталық ауруханасының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Өткен жылдың сәуірінде басталған конкурстық құны 1 870,8 млн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың наурызында аяқталуы жоспарланған. Мердігер компания «РАДИКОН» ЖШС аурухананың А, Б, В және Г блоктарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сенаторлар құрылыс сапасы мен инфрақұрылымның заманауи талаптарға сәйкестігін назарға алды.
Сондай-ақ, сенаторлар жергілікті денсаулық сақтау өкілдерімен кездесіп, өңірдегі медициналық қызметтердің өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуде медицина саласының мамандары жұмыс тетіктерін жетілдіру, кадр тапшылығын азайту, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және қаржыландыру мәселелерін заңнамалық деңгейде шешу қажеттігін айтты. Сенаторлар өңірдегі медициналық мекемелердің жағдайын жақсарту, тұрғындардың денсаулығын қорғау және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы ұсыныстарды назарға алды.
Іс-сапар барысында депутаттар Жетісай ауданындағы өндірістік және әлеуметтік нысандардың дамуы, жаңа инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық жұмыстардың барысымен танысып, өңірдегі экономикалық өсімді қолдау, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін талқылады. Мұндай кездесулер сенаторлар мен өңір тұрғындары арасындағы диалогты нығайтуға, заңнамалық деңгейде көтерілетін мәселелерді нақтылауға және шешім қабылдауда тиімділікті арттыруға бағытталған.

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

КЕЛЕС: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС ДАМУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *