ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

БӘЙДІБЕК: АУДАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бәйдібек ауданына Түркістан облысы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының және Аграрлық несие корпорациясының өкілдері арнайы келіп, ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауданның аграрлық кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылай қолдау тетіктерімен толық таныстыру, іс жүзінде қаржыландыру мүмкіндіктерін түсіндіру және олардың сұрақтарына нақты жауап беру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған лизингтік бағдарламалар, жеңілдетілген несие беру шарттары, қаржыландыру мерзімдері мен талаптары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Мамандар қазіргі таңда мемлекеттік қолдау жүйесінің тиімділігін, әртүрлі бағдарламаларды пайдалану мүмкіндіктерін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мен қайта өңдеуде қаржылай қолдаудың маңызын кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, аграрлық несие корпорациясының өкілдері шаруаларды несиелендірудің қолданылып жатқан бағдарламаларын таныстырып, оларды алу тәртібі мен мүмкіндіктері жөнінде нақты мәліметтер берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жеке жағдайларына байланысты кеңестер алды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалануына септігін тигізді.
Кездесу барысында ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамыту, техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту мәселелері де жан-жақты талқыланды. Мамандар алдағы кезеңде жаңа бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жолдарын, субсидиялар мен жеңілдетілген несие беру механизмдерін түсіндіріп, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған тиімді құралдарды ұсынды.
Аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатыны айтылды. Сондай-ақ, кездесулердің тұрақты түрде өткізілуі кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, ауыл шаруашылығында заманауи техникалық құралдарды қолдану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шаралар ауданның аграрлық секторын дамытуды жеделдетіп, шаруалардың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайды, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңыздылығын арттырады. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті экономика мен өндіріс көлемін өсіруге, ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құруға және жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын болады.

Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Алдыңғы

Арыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізілді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *