Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау және алдын алу шараларының тиімділігін арттыру болды.
Жиынға Бәйдібек ауданы прокурорының орынбасары Ернұр Нышанов төрағалық етті. Сонымен қатар, басқосуға аудандық білім бөлімінің мамандары, жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтері, сондай-ақ аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, салааралық өзара іс-қимылды күшейту жолдарын талқылады.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың мінез-құлқын бақылау және тәуекел факторларын ерте анықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, жүргізіліп отырған профилактикалық шаралардың нәтижелілігі талданып, кездесіп отырған проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.
Іс-шарада білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Оқушылармен жүргізілетін жеке және топтық психологиялық жұмыстарды күшейту, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ тәуекел тобына жататын балаларды ерте кезеңде анықтап, оларға тиісті қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар баланың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретіні айтылды.
Сондай-ақ, жиын барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру мекемелерінде қауіптің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі сөз болды.
Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыстарды одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды. Аталған іс-шара аудан аумағында балалардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіз балалық шақты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
БӘЙДІБЕК: АУДАНДА «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ













Comments