ӘлеуметЖаңалықтарЗаңҚоғам

БӘЙДІБЕК: АҚБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Ақбастау ауылдық округінде тұрғындарға арналған «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халық пен мемлекеттік, құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайту болып табылады.
Акцияға аудан прокуроры Мади Байтелиев, Бәйдібек ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, сондай-ақ адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, сот орындаушылары және түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тұрғындарға заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша кәсіби кеңестер беріліп, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
Акция аясында азаматтарға қолданыстағы заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар, зейнетақы мәселелері, салық салу, еңбек қатынастары, жер және тұрғын үй мәселелері, жеке деректерді қорғау, алимент өндіру, сот шешімдерінің орындалуы секілді бағыттар бойынша кең көлемде ақпарат берілді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, әр сала мамандарынан жан-жақты әрі түсінікті жауап алды.
Аудан прокуроры Мади Байтелиев өз сөзінде мұндай акциялардың халық үшін маңыздылығына тоқталып, құқықтық мәдениетті арттыру – құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
«Халық заңгері» әлеуметтік акциясы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, халыққа нақты көмек көрсететін тиімді алаңға айналды. Ашық форматта өткен іс-шара барысында ауыл тұрғындары заңгерлермен жеке сөйлесіп, өзекті мәселелерін көтеруге мүмкіндік алды. Мұндай бастамалар азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне, мемлекеттік органдармен тиімді қарым-қатынас орнатуына және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға оң ықпал етеді.

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Алдыңғы

Кентауда жартылай дайын өнім өндірісі қарқынды дамып келеді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *