Жаңалықтар

ШОМЫЛУ РӘСІМІ КЕЗІНДЕ ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

19 қаңтар күні православие христиандары атап өтетін Крещение Господне мерекесіне байланысты Шымкент қаласында дәстүрлі шомылу рәсімдері ұйымдастырылады. Биыл аталған іс-шара Әл-Фараби ауданындағы Қошқар Ата өзенінде өтеді. Қала әкімдігі мен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, мереке кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Шомылу рәсімі тек арнайы белгіленген және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған орындарда өткізіледі. Іс-шара өтетін аумақта құтқарушылар, медицина қызметкерлері және полиция өкілдері тәулік бойы кезекшілік атқарады. Сонымен қатар, жылыту пункттері мен алғашқы медициналық көмек көрсету орындары дайындалған. Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, 18–19 қаңтарға қараған түні департаменттің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне көшеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2 бірлік техника мен 10 қызметкер жұмылдырылады. «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, мереке түні ауа температурасы +4°С-тан жоғары болады. Ал өзендегі судың температурасы жыл бойы тұрақты деңгейде сақталып, +10°С шамасында болады. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырады. Айта кетейік, белгіленбеген орындарда суға түсу 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Мамандар тоғанға шомылуды жоспарлаған азаматтарға бірқатар қауіпсіздік талаптарын сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, суға түсер алдында денені жеңіл жаттығулармен дайындау, тайғақ емес аяқ киім пайдалану, суда 30 секундтан артық болмау және алкогольдік ішімдіктерден бас тарту қажет. Балаларға шомылуға тек ата-аналарының қатысуымен ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар азаматтарға және жүкті әйелдерге шомылу рәсіміне қатысу ұсынылмайды. Төтенше жағдайлар департаменті мереке күндері қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды құтқарушылардың нұсқауларын қатаң орындауға шақырады. Қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ФРАНЦУЗДЫҢ «VEOLIA» КОМПАНИЯСЫ ТКШ САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІНЕ КЕЛДІ

Алдыңғы

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҢАРУДА: БАҚЫЛАУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ТЕХНОЛОГИЯ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *