ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ: РЕТТЕУ, ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫ МҮДДЕСІ

Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарифтік тұрақтылықты сақтау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды шараларды іске асырды.
Қала аумағында табиғи монополиялар саласында 55 кәсіпорын жұмыс істеп, 75 түрлі қызмет көрсетеді. Оның ішінде су, жылу, электр және газбен жабдықтау бағытындағы 5 негізгі кәсіпорын тұрғындар үшін аса маңызды қызметтерді атқарады. Барлық субъектілер заңнамаға сәйкес бекітілген 5 жылдық тарифтер бойынша жұмыс істеуде.
Коммуналдық саланың өзекті мәселелерінің бірі – кадр тапшылығы. Осыған байланысты 2025 жылы табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары бекітіліп, активтерді жаңғырту мен инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілді. Нәтижесінде:
• Жылумен жабдықтау саласында – 205,76 млн теңге инвестиция бағытталып, жалақы 14% өсті;
• Сумен жабдықтау саласында – 4,75 млрд теңге инвестиция жоспарланып, жалақы 29% артты;
• Су бұру саласында – 1,876 млрд теңге инвестиция қарастырылып, жалақы 26% ұлғайтылды;
• Газбен жабдықтау саласында қызметкерлердің жалақысы 31%-ға көтерілді.
Сонымен қатар, коммуналдық желілерді жаңғыртуға қомақты қаражат бөлінді:
су саласына – 4,7 млрд теңгеден астам,
су бұруға – 1,8 млрд теңге,
жылу жүйесіне – 205 млн теңгеден аса инвестиция жоспарланған.
Шымкент қаласында 2 432 шақырымнан астам газ құбыры сенімгерлік басқаруға беріліп, оларды күтіп ұстау мен жөндеу шығындары тарифке енгізілді. Бұл жүйелі қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
Тұрғындар үшін маңызды жаңалық – тарифтердің төмендеуі. Инфляцияның өсуін тежеу мақсатында:
• ауызсу тарифі 5%,
• газ бағасы 14,6%,
• жылу тарифі 6% төмендетілді.
Тарифтердің заңды әрі тиімді қолданылуы тұрақты бақылауда. 2025 жылы 76 есеп қаралып, нәтижесінде 30 қызмет түрі бойынша тарифтер уақытша төмендетілді, тұрғындарға 236 млн теңгеден астам қаражатты қайтару көзделді. Заң бұзған кәсіпорындарға қатысты 66 әкімшілік іс қозғалып, 367 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сотта қаралған істердің басым бөлігі департаменттің пайдасына шешілді.
Қорытындылай келе, 2025 жылы Шымкент қаласында табиғи монополиялар саласында тарифтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту, кадрлық әлеуетті күшейту және тұтынушылардың мүддесін қорғау бағытында кешенді әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды. Бұл қабылданған шаралар алдағы кезеңде қала тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік: Шымкент жастары – таза орта үшін

Алдыңғы

БӘЙДІБЕК: ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДАҒЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *