Жаңалықтар

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

Сауран ауданында жастардың кәсіби, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың еңбегі мен жетістіктерін ынталандыру мақсатында «Жыл үздігі – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті.
Іс-шара аясында ғылым, білім, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және өзге де салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген жастар 19 номинация бойынша марапатталды.
Салтанатты шараның ашылуында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Б.Букебаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Баймұратов сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, жастарға ізгі тілектерін білдірді.
Аталған байқау жастардың әлеуетін арттыруға, олардың азаматтық белсенділігін қолдауға және қоғамдық бастамаларға ынталандыруға бағытталған.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *