
«АМАNAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясы өтті. Күн тәртібінде 2026 жылдың 18-ші қаңтарында өтетін Кербұлақ аудандық әкімі сайлауына «AMANAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалынан кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияға «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы Арын, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен делегаттар қатысты. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тіркелген саяси партия аудан әкімінің сайлауына 1 кандидат ұсына алады. Сол себептен күн тәртібіндегі мәселе бойынша партия ардагерлері, аудандық жастар рухының мүшелері Жүнісбеков Жанат Төлегенұлының кандидатурасын ұсынып, конференция барысында делегаттар бірауыздан қолдап, қаулы қабылданды.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы А. Арын Президенттің сенімді саяси тірегіне, қоғамдық бастамалардың ұйытқысына айналған «AMANAT» партиясының негізгі бағыт бағдарына тоқталып, партия тарапынан ұсынылған кандидат Жүнісбеков Жанат Төлегенұлына сәттілік тіледі.
Алдағы саяси додада Жанат Төлегенұлына сәттілік!












Comments