Жаңалықтар

Қауіпсіздіктің заманауи тәсілі: ТЖМ нысандарын жаңарту

Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов күрделі жөндеуден өткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.

Бөлім 2015 жылдан бері осы ғимаратта орналасқан. Күрделі жөндеуден кейін мұнда заманауи инфрақұрылым қалыптастырылып, жеке құрамның қызметін сапалы атқаруына қолайлы жағдай жасалды.

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі Абай және Қаратау аудандарының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта бөлімде 116 өрт сөндіруші-құтқарушы қызмет атқарады.

2025 жылдың маусымында басталған күрделі жөндеу жұмыстары төрт қабатты ғимаратты толық  қамтыды: оқу сыныптары, жуыну  бөлмелері, асхана, демалыс бөлмелері мен қызметтік кабинеттерде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Инженерлік  желілер толығымен ауыстырылып, ғимараттың сыртқы әрлеуі де жаңартылды.

Бөлім заманауи техникамен – автоцистерналармен және автосатымен жабдықталды. Жеке құрамның дене дайындығын арттыру мақсатында жаңа workout-аймақ құрылды.

Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру бөлімдерін  жаңарту – құтқарушылардың қызмет жағдайын жақсарту ғана емес, халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

 

Шымкентте жаңа әмбебап жедел қызметтер кешендері ашылды

Алдыңғы

Современный подход к безопасности: модернизация объектов МЧС

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *