Жаңалықтар

Шымкентте ангар типіндегі қойма пайдалануға берілді

Шымкент қаласында ұзақ мерзімді сақтауға арналған мүлік пен материалдық-техникалық құралдарды орналастыруға бағытталған үш кешеннен тұратын ангар типтегі  қойманың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Заманауи нысанның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері және ТЖД-ның жеке құрамы қатысты.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған жаңа қойманың жалпы аумағы — 1920 шаршы метр. Берік, энергия үнемдейтін әрі заманауи бұл нысан қалалық инфрақұрылыммен үйлесімді қабысып, жабдықтар мен материалдық құралдарды жыл бойы қолайлы жағдайда сақтауға мүмкіндік береді.

Қойманың биік күмбездері мен кең аралықтары ірі габаритті техниканы, құрылыс және өнеркәсіптік материалдарды, түрлі жабдықтарды, тауарлар мен паллеттерді орналастыруға қолайлы.

Нысанның тиімді логистикалық орналасуы қажетті жабдықтарды кез келген уақытта жедел әрі үздіксіз жеткізуге жағдай жасайды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов нысанның өңірдің төтенше жағдайларға дайындығын арттырудағы маңызын атап өтіп, жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдірді.

Бұл нысан — Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі іске асырып отырған, әрекет ету тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘМБЕБАП ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КЕШЕНДЕРІ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

В Шымкенте введён в эксплуатацию склад ангарного типа

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *