Жаңалықтар

ХҚКО 20 жыл. Адамдар арқылы қалыптасқан тарих

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығын атап өтуде. Осы мерейлі кезеңде жүйе үздіксіз дамып, заман талаптарына сай жаңарып, ең бастысы – азаматтарға бағдарланған сервистік үлгіге айналды. Бұл өзгерістердің өзегінде мыңға жуық қызметкердің еңбегі мен адалдығы жатыр. Әр маман ХҚКО-лардың екі онжылдықта жүріп өткен үлкен кәсіби жолының ажырамас бөлігі болды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тарихы – жаңа мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгісінен тұрақты, цифрлық бағыттағы жүйеге дейінгі даму жолы. Осы өзгерістердің барлығында қызметкерлердің рөлі ерекше: алғашқы күндерден бастап олар сапалы қызмет көрсету мәдениетін қалыптастырып, оны бүгінгі деңгейге жеткізді.

Осындай қызметте өзіндік ізі қалған, еңбегімен ерекшеленген тұлғалардың бірі — Нағима Сұлтанова. Ол ХҚКО жұмысының алғашқы жылдарында еңбек жолын бастап, қарапайым маманнан Абай аудандық ХҚКО бөлім басшысының орынбасарына дейін көтерілді. Оның талпынысы, жауапкершілігі және адамдармен жұмыс істей білу қабілеті әріптестеріне үлгі болып, сервистік мәдениеттің қалыптасуына зор ықпал етті. Бүгінде бұл мәдениет ХҚКО жұмысының негізгі стандарты ретінде қалыптасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Тобаева азаматтарға қызмет көрсету жүйесіндегі адами фактордың маңыздылығын атап өтіп, жылдар бойы өзгерістердің басты қозғаушы күші – қызметкерлер екенін жеткізді.

«Мұндай мамандардың кәсіби жолы ХҚКО-ның бүкіл жүйесінің дамуын айқын көрсетеді. Олардың кәсібилігі, адами құндылықтары мен табандылығы бізге қызмет көрсетудің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Осындай адамдардың арқасында жүйе берік, заманауи және қоғамның сеніміне ие болды», – деді ол.

Жиырма жыл ішінде технология да, процестер де өзгерді, цифрлық шешімдер енгізілді, азаматтардың талап-тілегі артты. Алайда бір нәрсе өзгерген жоқ – қызметкерлердің өз ісіне деген адалдығы. Бүгінде бүкіл ел мақтаныш тұтатын тиімді әрі тұрақты қызмет көрсету жүйесінің негізін қалаған да – осы еңбекқор мамандар.

Шымкентте «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында семинар өтті

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *